Өкінбеймін!

Өшсем де,өкінбеймін жыламаймын! 
Жыласам,жұбатшы деп сұрамаймын! 
Арыстанын,айбат күшін қыймасанда? 
Тағдырын бер,әйтеуір жолбарыстың! 
Тағдырын бер,тағдырын жолбарыстың. 
Ақырып өзім,мына әлемде шақырайын! 
Зынданға түскен мынау жүрегімді? 
Айқайлаумен шерімді тарқатайын! 
Ыңырсып,жатып алып жүрегіммен, 
Сырласып ап!таулармен мұңдасайын. 
Сыбдырлаған орманмен сырласайын! 
Сырымды айтып,бұлақпен тілдесейін. 
Ақ қағазға отырып ап!мұң жазайын, 
Есінде қалсында,арман болашаққа? 
Өшсем де,өкінбеймін қайғырмаймын! 
Өшсем,өткен күндермен қоштасамын! 
Жақсысын жүрегіме-ау?орап алып. 
Жаманын ұмыта алмай жүз жылаймын! 
Келер күнге үмітпен бір қарайлап? 
Үзілмес үмітімді де бір сынап ап! 
Орамалмен көзжасымды сүртемін мен. 
Өткенге мен енді бүгін оралмаймын, 
Білмеймін,өткен маған не бергенін, 
Келер күн,менен енді несін аларын. 
Арыстанда,жолбарыста болалмаймын! 
Пенде боп,мына өмірге келгенен соң! 
Педе боп мына өмірмен қоштасамын! 
Арпалысып жүргенде мен өмірменен! 
Өлімді еске алмаймын көнілменен, 
Өлсем егер,мен өлемін өз жерімде, 
Жүрсем егер,мен жүремін өз елімде, 
Қанат қағып ұшамын сендер барда? 
Қуанам,жұртым деген жүрек барда? 
Мұңайамын мұңайамын өзің жоқта? 
Аяусыз тағдырымды ренжітіп ап! 
Сондықтан,өкінбеймін жыламаймын!