Айдана жан жүрегімді жаулаған,
Өзіңсің ғой жүрегіме от салған.
Жан тәніңе он бойыңа ғашықпын,
Сенші маған жүректегі сезімге?
Махабатпен жас жанымды арбашы,
Сүймесенде сүйемін деп алдашы.
Мені көрсең назарыңды аудармай,
Дым білмегендей жанымнан өтпеші.
Келбетісің жан дүниеңе ғашықпын,
Мінезіңе айтқан сөзіңе ғашықпын.
Бет бейнеңді бір көруге аңсаймын,
Әтең,жақын емес арамыз қашық тым.
Әлі жүрмін өзіңді жаным іздеумен,
Қыялдап армандап үмітімді үзбеумен.
Түн ұйықтамай келбетіңді еске алып,
Ең болмаса көрініп кет көзіме сен.
Қателік менен өзіңді құлап сүйгенім,
Жүрегімді махаббат отына күйдірдім,
Қателік менен саған арнап жыр жазып,
Өзің жайлы санамнан мен өшірмегенім.
Жылы даусың пәк жанымды тербеткен
Жарқын жүзің жүрегіме жыр көктем,
Құстар қайтып мекеніне олар оралса,
Мен сүйген жан оралмайды неге бүгін.
Мұңлы сырым бар айдай тұнық көзімде?
Жылы лебім бар ыстық күндей сөзімде.
Шындығым бар саған жаным ғашықпын,
Білесің ғой,анық,бұны жаным өзің де?
Айтшы жаным сүйемін деп жасырмай,
Мойындашы сезімімді менің қыйнамай.
Елемейсің, сезімімді сен көрмейсің,
Назар аударшы жаным мені,сен кешірші.
Өзіңсің ғой мұқтаж болған тынысым,
Жүрегімнің қалауы,қолымдағы барымсың,
Сен келмесең,оралмасаң,өмір өзіңсіз,
Мұңлы болар,бұл дүниедегі тылсымым...!!!