Көрмеймін дейсің!

Көрмеймін, дейсің көрмегің!
Көрмесең, мейлі, көрмеші! 
Сүймеймін дейсің! 
Сүймейсің мені, көрмейсің 
Сүйген жаның қасыңда, 
Жүргенін де, сен көрмейсің! 
Ғашықпын десем сенбейсің! 
Көзімді жұмып құмартып, 
Жүрегім жылағанын көрмейсің! 
Өліп өшіп сүйген жүректі, 
Тулағанын жаным көрмедің. 
Көрмедің, мейлі, көрмеші! 
Көретін көктен аспаннан, 
Таңірім емесің! сен менің. 
Жанымда турып сезініп, 
Ешқашанда маған күлмедің. 
Көңіліңді маған бөлмедің! 
Мен-дағы қарап өлмедім! 
Өлең жазып саған мен! 
Қарапта жаным журмедім. 
Түсінсең, күнім сен мені 
Мендегі сырды көрмей-ақ!