Мен сені іздеп жүрмін көшеденде,
Көп болды есім кеткен осы жанға?
Неге екенін білмеймін оны көрсем,
Тулаған жүрегім кеудемде жарадыда.
Мен сені іздеп жүрмін даладан да?
Із тастап кетті ме деп, аппақ қарға!
Алайда қар үстінде өз іздерім көп,
Шынымен сенің іздеріңді таба алмай?
Сандалып жүрмін жалғыз аппақ қарда.
Мен сені іздеп жүрмін теңізден де.
Толқынмен тірестім демім үзілгенде,
Шыдамым менің осыған жетті міне,
Неге екеуміз ұқсамаймыз егіздерге?
Мен сені іздеп жүрмін қыр белестен,
Жұлып ап жусан түбін іргемде өскен,
Умаждап алақанға салып иіскейін кеп,
Шықандай ұмытылып бәріден естен.
Мен сені іздеп жүрмін қалалардан,
Қол бұлғап, алдымнан шықпағанда,
Жанымнын құлазығанын ұға алам ба?
Өзіңсіз пайдасы жоқ жалғандардан,
Жалғандықты көніліме ұқтырдым кеп!
Мен сені іздей берем, іздейде берем,
Жанарымдағы үмітімді үзбеймін мен,
Күбірлеп оңашада қалған сәтерімде,
Өзіңді іздеп жаным,сағына да берем.....