Сағындым ана

Анашым мен рас бәріненде шаршадым! 

Көзіме түскен, әр нәрсені мен ансадым, 

Жылатпай мені,жұбатыпта жүруші едіңіз, 

Ал қазір жұбатшы мені деумен ансадым. 

Көзімнен жас емес,жүректен тамсада мұң, 

Сізді ойлаймын ана,жалғыздықта күрсініп. 

Тас емес қой,мендегі мынау жүрек деген, 

Нәзіктіктен жаратылған ол, жырта салсаң. 

Жұбатшы ана мені, құлыным барым деп, 

Ешқашанда жалғыз сені тастамаймын деп. 

Қателіктер кетті өзімнен рас,мойындаймын. 

Өмір қайта келмейді, шарам барма менің. 

Кешірші анашым, сағынамын мен өзіңді? 

Сағынудан мұңайып өзіңе жырда жазам. 

Құрғыр қу өмір мені неге ағызып акеті екен, 

Мейірімсіздіктен де, жаралған жас қалаға? 

Мейірім тапай,жәутеңдеп қала кезіп жүрмін, 

Танымайтын, белгісізде катігез бір әлемде! 

Тым бейікке ұмтылыппында құлшыныппын, 

Соңында жалғыздықта,қалада сандалыпын, 

Бәлкім ақын емес қой, надан болған ұлыңыз, 

Сізді сағынуға хақым жоқ шығар,сіра менің....